Бұқар жыраудың 355 жылдығына арналған жыршы-термешілер байқауы өтті

22 тамыз күні Зеренді аудандық мәдениет үйінде қазақтың ұлы жырауы, ақын Бұқар жыраудың 355 жылдығына арналған «Даланың жыр шежіресі» облыстық жыршы-термешілер байқауы өтті.

Байқаудың басты мақсаты халқымыздың мәдени мұрасын сақтау және дамыту, бабалардың елдік пен ерлік жырлары арқылы сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, ұлттық рухты көтеру, ұлттық өнердің мәйегі болып табылатын жыр және терме жанрын дамыту, жыр-терме өнерін жастардың арасында дәріптеу арқылы тәлім-тәрбие беріп, жаңа есімдерді анықтау, өскелең ұрпақтың шығармашылық өнеріне қолдау көрсету болды.

Байқау екі кезеңнен тұрды: іріктеу және қорытынды кезең. Іріктеу кезеңге Атбасар, Ерейментау, Зеренді, Қорғалжын, Целиноград, Ақкөл аудандары мен Қосшы қаласынан 16-40 жас аралығындағы 8 жыршы-термешілер қатысты.

Қазылар алқасының құрамына

Құдайберлі  Мырзабек Рахымбекұлы – ақын-импровизатор, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры, қазылар алқасының төрағасы;

Хасенов Сәрсенбай  Оразұлы- Ақмола облысы мәдениет басқармасының  жанындағы «Үкілі Ыбырай атындағы  Ақмола облыстық  филармониясы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының  дәстүрлі әншісі, халық әндерінің шығу тарихын зерттеуші;

Әбенов Асылбек Қайырбекұлы – Облыстық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының мәдени демалыс жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы  енді.

Жүлделі бірінші орынға Дүйсенбай Әлихан (Қорғалжын ауданы) ие болды. Екінші орынды Айтжан Райымбек (Қосшы қаласы), үшінші орынды Тойшин Нұрдәулет (Атбасар ауданы), ал Ерейментау ауданынан келген Есімхан Жасұлан Арнайы жүлде иегері атанды.

 

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.