Бірлескен министрлік мониторингтік комитетінің (JMMC) 53-ші отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан егжей-тегжейлі жоспар дайындады, оған сәйкес 2024 жылы бірінші тоқсанда асыра орындалған көлемнің орнын біртіндеп толтырады, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Біз әрбір елдің міндеттемелерін сақтаудың және мұнай нарығын тұрақтандыру мақсатында ынтымақтастықты қолдаудың маңыздылығын түсінеміз. Қазақстан өз міндеттемелерін орындау және белгіленген өтемақы жоспарына сәйкес артық өндірісті өтеу үшін бар күшін салады, — делінген мәлімдемеде.
Айта кетейік, наурыз айында Қазақстан өз міндеттемелерін тәулігіне 131 мың баррельге арттырды. Бұған дейін Қазақстан өзінің ағымдағы ерікті міндеттемелерін 2024 жылғы маусымның соңына дейін ұзартқан болатын.
ПІКІР ЖАЗУ