Атыраудағы Кеңес Одағы кезінен тұрған көпірдің күйі кеткен

Фото: видеодан кадр

Түркменстан мен Маңғыстау облысының порттарынан Ресейге қатынайтын көліктер өтетін көпір шұрқ тесік, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі Orda.kz порталына сілтеп.

1985 жылы ашылған, ұзындығы 305 метр, ені 14 метр көпір маңызды көлік артериясына айналған. Бірақ арада қырық жыл өткендіктен, қазіргі сапасы жүргізушілердің өміріне қауіп төндіруде.

Конструкциялар арасындағы саңылау көліктер қатынайтын бөлікті толығымен алып тұр десе де бола. Ақау Атырау облысының тұрғындарын алаңдатуда — олар бұл көптеген ЖКО мен адамдардың өліміне әкелуі мүмкін деп қорқады.

«Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары қажетті тексеру жүргізу үшін жолға шықты. Нысанның жағдайы мұқият зерттеледі», — дейді облыс әкімдігі.

Билік көпірдің жағдайы мен оны жөндеу жоспарлары туралы қосымша ақпарат беруге уәде берді.