Сыртқы ауа температурасының төмендеуін ескере отырып, Астан әкімдігінде жылыту маусымының басталуы туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ozgeris.info.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 24 қыркүйектен бастап тұрғын үйлерге кезең-кезеңмен жылу беру басталды. Барлық нысандарды толық қосу екі-үш күн ішінде жоспарланған.
Бұған дейін олардың өтініштері бойынша әлеуметтік нысандар: мектептер, балабақшалар мен емханалар жылуға қосылған болатын.
ПІКІР ЖАЗУ