Елордада жолаушылар автобусы жүк көлігімен және бірнеше жеңіл автокөлікпен соқтығысқан жол апаты болды.
Астана ПД мәліметінше, жолаушылар көлігі мен қоқыс таситын жүк көлігінен бөлек, оқиғаға екі жеңіл автокөлік те қатысқан.
«Iveco» маркалы маршруттық автобус жүргізушісі Пушкин мен Янушкевич көшелерінің қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп, «МАЗ» жүк көлігімен соқтығысқан. Ал инерция салдарынан «МАЗ» «Chevrolet Nexia» көлігіне соғылып, ол өз кезегінде «Chevrolet Cobalt»-пен қақтығысқан», – деп хабарлады полиция департаменті.
Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаға қатысты тергеу жүргізілуде.
ПІКІР ЖАЗУ