Жаңалықтар

Астана циркінде акробат қыз биіктіктен құлап, жарақат алды (ВИДЕО)

Астана циркінде орын алған оқиға кезінде акробат қыз қойылым барысында биіктіктен құлап кетті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz порталына сілтемемен. Аталған жайтты қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.
“Циркте шамамен бес метр биіктіктен құлаған қыз түрлі жарақаттар алған. Оқиға орнынан оны жедел жәрдем алып кетті. Дәрігерлер бас жарақатын және ми шайқалуын анықтады. Жағдайы – орташа ауыр, бірақ тұрақты”, – деді басқарма өкілдері.
Барлық жаңалық