Астанаға көрші Қытайдан мәртебелі қонақ келді

Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстан астанасына ресми сапармен келді.

Сапар барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізу, сондай-ақ екіжақты құжаттарға қол қою жоспарлануда.

Өткен жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 41 миллиард АҚШ долларын құрап, тарихи рекордқа жетті.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылдың 10 қарашасында Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режим туралы келісім күшіне енді.