35 мың орындық арман: Ақтөбе үшін мүмкіндік пе, әлде қауіп пе?

Фото: aktobetimes.kz

Ақтөбеде 35 мың көрерменге арналған жаңа көпфункционалды стадион салу жоспарлануда. Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаров 2024 жылдың қазан айында берген сұхбатында мәлімдеген. Оның айтуынша, жобалау жұмыстары УЕФА талаптарына сай жүргізіледі. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың көктемінде басталып, 2026 жылы аяқтау көзделіп отыр.

Өңір басшысының бұл идеясын сарапшылар күмәнмен қабылдады, деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі.

Жаңа стадион «Ұлы дала» (бұрынғы Батыс-3) ықшамауданында бой көтереді. Алты деңгейлі кешеннің құрамында түрлі демалыс аймақтары қарастырылған. 35 мың орынның 380-і мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған. Сонымен қатар, стадион маңында 5 мың орындық көпфункционалды спорт кешені салынады. Бұл нысанда спорттық жарыстар мен концерттер өткізу жоспарланып отыр.

Құрылыстың болжамды құны – 50-70 млрд теңге. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге аспақ. Әкімдіктің мәліметінше, бірқатар инвесторлар қызығушылық білдіріп отыр.

Алайда, мұндай ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін тәжірибесі бар отандық компаниялардың болмауына байланысты құрылыс шетелдік мердігерлерге сеніп тапсырылмақ. Жұмыстар шамамен 1 жыл 8 ай ішінде аяқталады деп жоспарлануда.

Бұл ретте сарапшылар жобаның орындылығы мен тиімділігіне қатысты пікірлерін ортаға сала бастады. Өңірде өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар көлемі төмен, ал шағын және орта бизнеске арналған электр тарифтері жоғары болып тұр. Мұндай жағдайда стадион құрылысы өңір экономикасы үшін ауыр салмаққа айналмай ма деген сұрақтар туындап отыр.

Ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының кеңесшісі Ернар Серік бұл жағдайға өз пікірін білдірді. Айтуынша, өңірде металлургиядан тыс өңдеуші өнеркәсіпке жылдық инвестициялар көлемі небәрі 16,1 млрд теңгені құрайды. Аталмыш көрсеткіш бойынша облыс ел өңірлерінің арасында 16-орында тұр. Осындай экономикалық жағдайда 50-70 млрд теңгеден асатын сомаға стадион құрылысын бастау өте күмәнді шешім.

«Облыс әкімі, өзі бұрынғы спортшы әрі самбист болғандықтан, өңірдің мақтанышы боларлық нысан салуға ниетті екені анық. Алайда аймақтың қазіргі экономикалық жағдайы мұндай ауқымды жобаны іске асыруға қауқарсыз», — дейді маман.

Сарапшының айтуынша, өңірге инвестиция құйылмайды. Оның басты себебі — электр энергиясының жоғары тарифі. Қазір өңірде 1 кВт сағат электр қуаты 50 теңгені құрайды. Ал газды поршенді станциялары бар ірі өндірістік кәсіпорындар арзан газды пайдаланып, электр қуатын төмен бағамен алуда. Салдарынан шағын және орта бизнес өкілдері зардап шегуде. Аталмыш жағдай аймақтың дамуына да кедергі болып отыр, дейді маман.

«Иә, Ақтөбе қаласының жастары футболды қолдайды. Бұл өңірдің халқы 581 мың адамды құрайды, Дегенмен, қазіргі футбол клубтарының жеткен жетістіктерін ескерсек, жаңа стадион тұрақты түрде 30 мың көрерменді жинай алады ма деген сұрақ туындайды», — дейді сарапшы.

Жеке инвесторлар тек табысты жобаларды қолдайды. Бұл ретте дәл осы жоба соншалықты сәтті болатыны екіталай. Ал ірі шикізат компаниялары инвестиция салуды көздесе, міндетті түрдемемлекеттен қосымша жеңілдіктер, активтер немесе жер қойнауын пайдалану құқықтарын талап етеді дейді маман.

Сондықтан, бұл өңірдің шешілмеген мәселелері жетерлік дейді сарапшы. Атап айтқанда, өңдеуші өнеркәсіпке салынған инвестиция көлемі тым төмен, ал шағын және орта бизнеске арналған электр тарифі жоғары. Одан бөлек, ел бюджеті тығырыққа тірелді, геосаяси жағдай да тұрақсыз. Осының барлығын ескере келе, жаңа арена  Ақтөбенің символына айналады ма, әлде бюджетке түсетін қосымша жүк бола ма? Бұл сұрақтың жауабын алдағы уақытта білеміз.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…