Алматыда 2023 жылы кейінгі үш жылда ауаның ластығы бойынша рекордтық деңгей тіркелді, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, қала кәсіпорындары атмосфераға 44 мың тонна лас затты шығарған. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 6% артық. Бұл – 2020 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Негізгі ластаушы заттар – күкірт диоксиді, азот оксидтері және суспензия бөлшектері. Күкірт диоксиді (SO2) барлық қалдықтың жартысына жуығына тең, яғни 20,2 мың тонна. Сарапшылар жылу электр станцияларында күлі жоғары Екібастұз көмірін пайдаланады. Оны жаққанда күкірт диаоксиді көптеп бөлінеді.
Ал қалдықтардың 36%-ы немесе 8,7 мың тоннасы – азот оксиді (NO2), суспензияланған бөлшек – 7 мың тонна. Көміртек тотығы (СО) шығарындысы – 5,7 мың тонна (13%) . Бұл заттардың барлығы да жылу электр станцияларында көмір жағу нәтижесінде пайда болады.
ПІКІР ЖАЗУ