Алматыда 28 Панфилофшылар саябағындағы ескерткіштердің шойын тақталарын алып кеткен

Алматыда 28 Панфилофшылар саябағында белгісіз біреулер мемориал ескерткіштердегі шойын тақталарды алып кеткен. Сонымен қатар парк орталығындағы Жеңістің 30 жылдығына орай орнатылған мәрмәр триптихтегі бірнеше әріп жоғалып кеткен.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі құқық қорғау қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Тергеу-жедел тобы құрылды. Жедел іс-шаралар кешені барысында қылмыстың мән-жайы мен кінәлілер анықталып, кейін олар жауапқа тартылады», — деп хабарлады ведомство.

   

(Сурет orda.kz Телеграм-арнасынан алынды)


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей