Алматы облысында аудан әкімі ұсталды – Антикор

Фото: ашық дереккөзден

Алматы облысы Іле ауданының әкімі Бағдат Қарасаев ұсталды, деп хабарлайды Ozgeris.Info.

Ол «лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану» (ҚР ҚК-нің 3-бабы, 4-бөлігі 361) және «билікті немесе лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану» (ҚР ҚК-нің 3-бабы, 4-бөлігі 362) баптары бойынша айыпталды.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде Алматы облысының аудан әкімі мен басқа да тұлғалардың әшкереленгенін растайды. Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда», — делінген Антикор хабарламасында.

Бағдат Қарасаев Іле ауданының әкімі қызметін 2018 жылдың қыркүйегінен бастап атқарды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...