МАҢЫЗДЫ

Алматы әуежайында бірқатар рейс кешігіп жатыр

Ауа райына байланысты Алматы халықаралық әуежайында бірқатар рейс кешігіп ұшады, деп хабарлайды ozgeris.info тілшісі. Бұл туралы Алматы әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді. Ұшу уақыты кейінге шегерілген рейстер қатарында «Алматы-Астана», «Алматы-Шымкент» және өзге де бағыттар бар.
— 2025 жылдың 8 қаңтарында қолайсыз ауа райы жағдайларына (қар жауу, тұман) байланысты кейбір ұшып кету рейстері кейінгі уақытқа ауыстырылды, — деп хабарлады әуежайдан.
Еске салайық, бұған дейін төрт облыста көлік қозғалысы қайта жанданатынын жазғанбыз.  
Барлық жаңалықтар