Ақтөбеде өзінің ішкі ағзаларын заңсыз сатпақ болған күдікті ұсталды

Ақтөбеде прокуратура адамның ішкі ағзаларын заңсыз сатуға оқталу әрекетін анықтады, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Құзырлы орган ақпаратынша, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында «E» есімді азаматтың өзінің ішкі ағзаларын сатуы бойынша ықтимал мәміле жасағаны туралы ақпарат анықталды. 25 қыркүйекте прокуратураның бастамасымен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы аясында, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері өзінің ішкі ағзаларын 9 млн теңгеге заңсыз мәміле жасау арқылы сатпақшы болған «E» есімді азаматты ұстады. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 116-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей