Аталған қалада болған оқиға салдарынан 3 жасар қыз бала қайтыс болып, анасы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«ГАЗель автокөлігінің жүргізушісі реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінде екі жаяу жүргіншіні, анасы мен баланы қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 3 жасар қыз қайтыс болып, әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді Ақтөбе қалалық ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Ануар Ибраев.
Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 3 жасар қыз жансақтау бөліміне жеткізілгенімен, 35 минуттан соң қайтыс болған. Ал оның анасының жарақаты көп, жағдайы ауыр.
ПІКІР ЖАЗУ