— Бұл — зияткерлік мектептегі оқудың, тыңғылықты дайындықтың нәтижесі. Қазір Еуропа, Азия және Канаданың бірнеше университетінің де шешімін күтіп отырмын, — дейді Гүлназ Аманжолова.Ол әлемнің үздік университеттерінен шақырту алу үшін арнайы тест тапсырмаларын орындаған. SAT Reasoning емтиханында 1430 балл жинаған. IELTS бойынша орташа балы — 7.5. Гүлназ қазір білімін жалғастыру үшін Pitzer College оқу орнын таңдап отыр. Біріншіден, бұл — 5С университеттерінің бірі. 5С — Калифорния штатының Кларемонт қаласында орналасқан бес оқу орны. Оқушы бесеуінің біріне түссе, қалған төрт университетте оқуға және курстардан өтуге мүмкіндігі бар. Екіншіден, Pitzer College оған оқу ақысын, тұрғын үйді, тамақты және медициналық сақтандыруды қамтитын жылына 85 000 доллар қаржы ұсынып отыр.
"ozgeris.info".