Жыл сайын желтоқсан айының 5 жұлдызында Халықаралық еріктілер күні атап өтілетіні беймәлім. Бұл мереке, еріктіліктің қоғам игілігі үшін өтеусіз көмек сияқты маңызды іске жұртшылықтың назарын аударуға бағытталған.
Аталған мерекеге орай, Ақмола облысының жастар-ресурстық орталығы жыл қортындысын анықтай отырып, жыл бойы белсенділік танытқан волонтерлермен кездесу ұйымдастырды. Аталмыш шараға облыстың 50-ге жуық волонтерлері қатысты.
Волонтерлер жыл бойы өткізілген өз іс-шаралары мен жаңа жобаларын ұсынып, облыстың фронт – кеңсе мамандарымен тәжірибе алмасып, сондай-ақ жыл қорытындысы бойынша облыс әкімінің орынбасарынан 2022 жылғы Волонтер конкурсының 4 номинациясы бойынша алғыс хаттармен марапатталды. Бұл «Жас ерікті – 2022», «Жыл еріктісі – 2022», «Кәсіби ерікті-2022» және «Отбасылық еріктілер». Сонымен қатар, волонтерлер ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі және «Ұлттық волонтерлік желі» атқарушы директоры, Республикалық волонтерлер фронт-кеңсесінің басшысы Татьяна Миронюк атынан алғыс хаттармен марапаталды.
«Игі іспен айналысу, адамдарға жақсылық жасау – халқымыздың көне заманнан келе жатқан дәстүрі. Біз осы дәстүрді сақтап қалуымыз керек. Себебі біреуге қол ұшын созып, қолдау көрсету – қанымызға сіңген қасиет. Халқымызда осындай береке-бірлікке шақыратын «Асар» дәстүрі бар. Бұл – ғасырлар бойы құндылығын жоймаған ата салтымыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Волонтерлік қызметтің басты мақсаты да – бірге жұмылып, халыққа қызмет ету» — деп атап өтті ҚР Президенті Қ.К. Тоқаев.
Жыл сайын еріктілерге ерекше көзқарас қалыптасады. Әрбір ерікті, волонтерлер қозғалысына өз еркімен келіп, күш-жігерлерін аямай, көптеген көмекке жүгінген жандарға жәрдемдесуде.
Ізгі құрметпен, Ақмола облысы
Ішкі саясат басқармасы
Ақмола облысы жастар-ресурстық
орталығының баспасөз қызметі
(Балабеков Жеңіс байл.тел.50-72-69)
ПІКІР ЖАЗУ