59 ата-ана жазаланады: кімнің балалары түнде жүрді?

Павлодар облысында «Жасөспірім» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында екі күн ішінде полицейлер 59 ата-ананың балаларының түнгі уақытта ересектердің еріп жүруінсіз көшеде болуына жол бергені үшін жазаланды ,деп хабарлайды ozgeris.info.

Іс-шара жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған және көшелер мен ойын-сауық орындарына рейдтерді қамтиды.Операция басталғаннан бері 92 әкімшілік материал жасалды. Полицейлер алкогольді ішетін кәмелетке толмағандар мен қоғамдық тәртіпті бұзғандарды анықтау үшін тексерулерді күшейтті. Рейд нәтижесінде 12 кәмелетке толмаған және өз міндеттерін орындамаған 16 ата-ана есепке алынды.

Ұсталғандардың арасында мас күйінде болған және екі жасар ұлын қараусыз қалдырып, достарымен бірге ішімдік ішкен Ақсу қаласының тұрғыны да бар. Әйел бұрын жауапқа тартылған болатын және оның ата-ана құқығын шектеу туралы өтінішпен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді.

Полицейлер жасөспірім балалар 23:00-ден кейін көшеде және 22:00-ден кейін ересектердің сүйемелдеуінсіз ойын-сауық орындарында бола алмайтынын еске салады.