Жаңалықтар

«5 бала туғым келеді»: Сұлу спортшы Сәбина Алтынбекова жоспарын айтты

Қазақстандық волейболшы, қазіргі таңда индонезиялық "Yogya Falcons" командасының ойыншысы Сәбина Алтынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына жан сырын ақтарды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты baq.kz-ке сілтеме жасап. Спортшы ана болудың шексіз бақыт екендігін, болашақта тағы да сәбилі болғысы келетінін айтып, ағынан жарылды.
"Балалар – шексіз бақыт. Қуана-қуана тағы да 5 бала туғым келеді. Олардың әпкесі секілді көрінуге тырысамын", - деп жазды волейболшы.
Айта кетерлігі, Сәбина Алтынбекова былтыр қазан айында индонезиялық "Yogya Falcons" клубымен келісімшартқа отырды. Желтоқсан айында команданың капитаны атанды.
Барлық жаңалық