Жаңалықтар

Астана-Щучинск трассасы жол апатынан кейін жабылды

Астана-Щучинск тас жолы ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылды, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. ""ҚазАвтоЖолҰК"АҚ деректері бойынша ауа райының нашарлауына (боран, жел, нашар көру) байланысты "Aстана-Петропавл "автожолының (18-232 км, Астана қаласы-Щучинск қаласы) учаскесінде автокөлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды. Жылыту пунктінде 118 адам, оның ішінде 42 бала бар", - делінген сенбі күнгі хабарламада. Еске салайық, 3 қаңтарда аталған тас жолда 100-ге жуық көлік соқтығысып, 20 адам зардап шеккен.
Барлық жаңалықтар