Жаңалықтар

30 жыл ішіндегі ең оң шешім ел астанасын ауыстырғаны - Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы өзінің фейсбук парақшасында Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихында ел астанасын ауыстыру оң шешім болғанын атап өтті, деп хабарлайды ozgeris.info порталы.
- 30 жылда аймақтық саясатта астананы ауыстырғаны оң шешім болды. Одан Алматы қаласы тек ұтты. Ал қате шешім - ол бірқатар облыс пен аудандардың жабылуы. Әсіресе Арқалық (Торғай обл.), Жезқазған (Жезқазған обл.) және Семей (Семей обл.) ел-жұртына ауыр тиді, өңірлердің дамуына кері әсерін тигізді. Осыны мойындау керек, -  деп жазды Мәжіліс депутаты.
Барлық жаңалық