2025 жылы Қазақстанда зейнетақы қанша теңгеге өсуі мүмкін – министр жауабы

зейнетақы
Фото: aikyn.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова үкімет үйінде өткен брифингте 2025 жылы Қазақстанда зейнетақы мөлшері қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Ozgeris.info.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова бүгінде Қазақстанда базалық зейнетақы төлемінің мөлшері шамамен 42 мың теңге екенін айтты.

«Болжам бойынша, индекстеумен базалық зейнетақы мөлшері шамамен 2025 жылдан бастап 44 мың теңге болады. Бүгінгі таңда базалық зейнетақы төлемін есепке алсақ, зейнетақының орташа мөлшері шамамен 152 мың теңге болып отыр, ең көбі – 197 мың теңге. Сондықтан индекстеуді есепке ала отырып, барлық көрсеткіш көрсетілген көрсеткіштерге өседі», — деді еңбек министрлігінің басшысы.

Сондай-ақ брифингте министр зейнетақы жинағын шешіп алу мәселесіне тоқталып, ең төменгі жеткіліктілік шегінен асқан зейнетақы жинағын алуға ешқандай шектеу болмайтынын айтты.

Айта кетейік, елімізде «2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы заң жобасы жарияланды. Құжатқа сәйкес, келер жылы айлық есептік көрсеткіш 3923 теңгеге өсуі мүмкін.