158 млн теңгенің гауҺар тасты сырғасы бар: Олигархтардан қандай әшекейлер қайтарылды? (ФОТО)

Коллаж: Tengrinews.kz

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы 4-7 наурызда өтетін жаңа сауда-саттық туралы жариялады, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Аукционға қойылған активтердің ішінде 63 зергерлік бұйым бар. Олардың ішіндегі ең қымбаты:

  • DE BEERS сырғасы, жалпы салмағы 6,06 карат гауһар тастармен көмкерілген, құны 158 миллион теңгеге бағаланады. Әшекей 750-ші ақ алтыннан жасалған.

  • Van Cleef & Arpels алқасы 55 миллион теңгеге бағаланған. Ол 750-ші ақ алтыннан жасалған, жалпы салмағы 16,92 карат гауһар тастармен көмкерілген және брендтің белгісі бар.

  • YEPREM сақинасы 14 миллион теңгеге бағаланған. Эксклюзив сақина 750-ші ақ алтыннан жасалған және 85 гауһар таспен безендірілген.

Айта кетейік, бұған дейін сауда-саттыққа құны миллиондаған теңге болатын эксклюзив сағаттар шығарылды.

Сағаттар әртүрлі үлгідегі алтыннан, ал кейбіреулері қолтырауын терісінен жасалған. Кейбір үлгілер асыл тастармен көмкерілген. Ең жоғары бастапқы баға 31 281 600 теңге болды.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот домашний метод сжигает 9 кг жира за 6 дней! Помогает ленивым
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец