Әуежайда жолаушылар ұшағы аударылып түсті

Видео кадры

АҚШ-тан шыққан Delta Air Lines әуекомпаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Канададағы Торонто әуежайына қонған кезде аударылып түсті, — деп хабарлайды Ozgeris.info тілшісі POLITICO.KZ-ке сілтеме жасап. 

Bombardier ұшағы Миннеаполистен ұшып келген. Қону кезінде әуе кемесі тұрақсызданған, нәтижесінде толықтай аударылып түскен.

Оқиға орнынан түсірілген суреттер мен бейнежазбаларда ұшақтың фюзеляжы төңкеріліп жатқанын көруге болады. Өртсөндірушілер әуе кемесін көбікпен жауып жатыр, бірақ өрт байқалмаған.

«Бортта барлығы 80 жолаушы болған. Қайтыс болғандар туралы ақпарат жоқ. Дегенмен үш адам ауыр жарақат алды. Олардың ішінде бір бала мен екі ересек адам бар», – деп мәлімдеді жергілікті басылымдар парамедиктерге сілтеме жасап.

Зардап шеккендер дереу жергілікті ауруханаларға жеткізілді. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.

Еске салайық, осыған дейін Аризонада екі әуе кемесі соқтығысып, бір адам қаза тауып, төрт адам жарақат алған еді.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит