✅ Пайдалы

«Күнде жарқыл, аспанда метеор»: 3 сәуірде не болады?

«Күнде жарқыл, аспанда метеор»: 3 сәуірде не болады?

2 сәуір күні Күн бетінде күшті рентгендік жарқыл тіркелді. Мамандардың мәліметінше, M3.5 деңгейіндегі бұл құбылыс N12W18 координаттарында орналасқан 4404 дақтар тобында байқалған. Жарқылдың жалпы ұзақтығы 69 минутты құраған деп хабарлайды ozgeris.info сайты.

Ғалымдардың түсіндіруінше, Күндегі жарқылдар рентген сәулесінің қуатына қарай бес негізгі класқа бөлінеді: A, B, C, M және X. Әрбір келесі класс алдыңғысынан шамамен 10 есе қуатты болады.

Мұндай жарқылдар кей жағдайда Күн плазмасының кеңістікке таралуымен қатар жүреді. Егер бұл бөлшектер Жерге жетсе, магниттік дауылдардың туындауына себеп болуы мүмкін.

Сонымен қатар ресейлік спутниктердің деректеріне сәйкес, 2026 жылғы 3 сәуірде Лирид метеорлық ағынының белсенді кезеңі күтілуде. Бұл уақытта аспанда әр 3–5 минут сайын метеорлар көрінуі мүмкін.

Мамандар бұл құбылыстың жыл сайын қайталанатын табиғи процесс екенін және Жердің магниттік өрісіне айтарлықтай әсер етпейтінін атап өтеді.

Керісінше, кейбір сарапшылар мұндай ғарыштық құбылыстар Жердің магнит өрісіндегі тепе-теңдікті тұрақтандыруы мүмкін екенін айтады. Ғарыштық зерттеулер институтының зертханасы ұсынған болжамға сәйкес, 3 сәуір күні магнитосфера тыныш күйде болады, яғни Kp индексі 3 деңгейінде сақталады.

Сонымен қатар астрологтар бұл күнге тағы бір ерекшелік тән екенін атап өтуде. 3 сәуірде Ай толық Ай фазасынан шығу кезеңіне өтеді. Мұндай уақытта адамдардың көңіл-күйі мен жалпы жағдайында өзгерістер байқалуы мүмкін.

Барлық жаңалық