Жаңалықтар

Әкімдік Назарбаевтар әулетінің зиратында пайда болған қабірге қатысты мәлімдеме жасады

Желіде Назарбаевтар әулетінің Шамалған ауылындағы зиратында жаңа қабір пайда болғаны туралы ақпарат пен суреттер тарады. Бұл туралы ozgeris.info сайты Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. БАҚ бұл қабірге жуырда Сара Назарбаева жерленді деп болжаған еді. Осыған байланысты редакция Қарасай ауданының әкімдігіне ресми сауал жолдады. Әкімдік өкілдері Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің зиратында 2024 жылдың желтоқсан айында қайтыс болған басқа адамның жерленгенін мәлімдеді.
"Жерлеу рәсімі діни дәстүрлер мен жөн-жоралғыларға сай жүргізілді. Қазір қабірде жазулар мен көрсеткіш тақтайшалар жоқ. Алайда марқұмның туыстарының айтуынша, жақын арада қабіртасты орнату жоспарланған", – делінген әкімдіктің жауабында.
Сонымен қатар президент іс басқармасы медициналық орталығының Ұлттық госпиталі Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін қайта растады.
Барлық жаңалық