«Жұмысқа тұру үшін 2 млн теңге сұрайды». Мұғалім министрге мектептегі жемқорлық туралы айтты

Фото: rektor.ru

Астанада өткен жас ұстаздар форумында ҚР оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевқа білім беру саласында жемқорлыққа байланысты шағым түсті, деп хабарлайды ozgeris.info.

Шағымданушы ұстаз қазір Ақмола облысында педагог болып жұмыс істейтінін мәлімдеді, себебі «Жамбыл облысында жұмысқа орналасу үшін ақы төлеуі керек».

Қазір жұмысқа тұру үшін кем дегенде бір миллион теңге немесе тіпті 1,5-2 млн теңге сұрайды. Оңтүстік өңірлерде сыбайлас жемқорлық өршіп тұр, — деді жас ұстаз.

Оқу-ағарту министрі Гани Бейсембаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес әрбір қазақстандықтың міндеті екенін айтты. Ол мұндай жағдайларды тексеретінін мәлімдеді.

Педагог Жамбыл облысының қай ауданында осылай ақша сұрап жатқанын нақтыламады. Жеке хабарласып, мәселенің мән-жайын анықтаймыз, — деп жауап берді министр форум аяқталған соң қойылған журналистердің сұрағына.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Шум и звон в голове - это начало инсульта! Пока сосуд не лопнул…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите