Соңғы кездері әлеуметтік желілерде «Мұңайма, Үрбибі» әніне түрлі рилстар түсіріліп, кеңінен танылған болатын. TikTok-трендке тіпті шетелдік қолданушылар да ілескен. Дәл осы әннің жазылу тарихы қандай?
Бұл туралы TikTok желісінде видео жарияланды. Әннің авторы оны 1994 жылы жұбайына арнап шығарған екен, деп жазады Ozgeris.info.
«Менің атым — Үрсұлу. Жолдасым үйленгеніміздің 25 жылдығына арнап маған ән шығарды. Сол жылдары үлкен ұлымыз өмірден озған еді. Одан бөлек, көңілге кірбің түсіретін түрлі жағдайлар болды. Сол кезде «Мұңаймай, өмірге, бала-шағаға ашылып, күліп-ойнап, әрі қарай өмір сүру керек» деп айтқысы келді. Бұл солай шыққан ән», — деді Үрсұлу әже видеода.
@aakbobek♬ оригинальный звук — Akbobek🌸
ПІКІР ЖАЗУ