Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленов желіде аты аталып жүрген Хасан Қасымбаевтың бұл қылмыстық іске ешқандай қатысы жоғын айтты. Бұл туралы ол бүгін өткен брифингте айтты, деп хабарлайды ozgeris.info.
«Қылмыс болғаннан кейін полицияға шақыру түсті. Шақырту түскеннен кейін 8 минуттан соң полицейлер оқиға орнына келді. Төбелестің мән-жайы толық зерттеліп, баға беріледі», — деді Бауыржан Әленов.
Журналист ішкі істер министрінің бірінші орынбасарынан Хасан Қасымбаевтың бұл іске қандай қатысы барын сұрады.
«Хасан Қасымбаевтың бұл қылмыстық іске ешқандай қатысы жоқ», — деп жауап берді Әленов.
ПІКІР ЖАЗУ