Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі «Яндекс.Такси» тарифті заңсыз көтергенін анықтады, деп хабарлайды Ozgeris.Info.
Агенттік тиісті тергеу жүргізген.
«Тарифтерді заңсыз көтергені үшін «Яндекс.Такси» компаниясы жауапкершілікке тартылды. Бұл жүргізушілерге 10 млрд теңге төлеуге және 1,4 млн адам үшін такси құнының төмендеуіне сеп болды. Сондай-ақ Air Astana АҚ-ның заңсыз отын алымының күшін жою нәтижесінде әуе билетінің құны 15 пайызға төмендеді», — делінген агенттік хабарламасында.
Сонымен қатар бәсекелестікке қарсы жасаған әрекеттері үшін Petrosun және «ТЭК-Қазақстан» компанияларына 2,5 млрд теңге айыппұл салынған.
«Google-дің Android негізіндегі құрылғыларды пайдаланушыларға іздеу жүйесін өз бетінше таңдау мүмкіндігін беру талабын орындауы маңызды оқиға болды. Бұл өзгеріс қазақстандық монополияға қарсы орган тарихындағы алғашқы прецедент болды», — деп жазылған хабарламада.
ПІКІР ЖАЗУ