Қазір «Кредитім бар, бірақ тағы біреуін алып, жағдайымды түзеп алайын» деген түсінік қалыпты жағдайға айналды. Бірақ ондай түсініктегі адамдарға енді бөгет бар. Енді үш ай бойы бұрынғы несиесін төлемеген адамға жаңасын беруге заңмен тыйым салынды. Қысқасы, бір қарыз жабылмай, екіншісі берілмейді, деп жазады Ozgeris.info.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді. Агенттік төрағасының орынбасары Олжас Қизатовтың айтуынша, халықтың мойнына артық қарыз артпауы үшін осындай шаралар қабылданған. Егер адамның кез келген банкте немесе микроқаржы ұйымында 90 күннен асқан төленбеген несиесі болса, мейлі ол 10 мың теңге болсын, жаңа несие ала алмайды. Алдымен бұрынғы берешегін толық өтеуі тиіс.
– Егер жеке тұлғаның басқа банк немесе мкроқаржы ұйымынан алған несиесін өтеу мерзімі 90 күннен асса, сол қарызын толық жаппайынша, жаңа несие ала алмайды. Одан бөлек, нормативтік құжаттар негізінде кепілсіз тұтынушылық несиенің жылдық пайыздық мөлшерлемесін 56 пайыздан 46 пайызға дейін, кепіллі қарыздыі пайыздық мөлшерлемесін 40 пайыздан 35 пайызға дейін төмендеттік, – деді ол.
Сонымен қатар алғаш рет несие алатын адам міндетті түрде банкке немесе қаржы ұйымының кеңсесіне өзі баруы тиіс. «Онлайн рәсімдей салам» деген әдіс енді жүрмейді. Себебі қаржы ұйымдары несие алушыны көзбе-көз көріп, ақпаратты жеке түсіндіруге міндетті. Егер осы талаптар сақталмаса, банктің берген несиесі заңсыз деп танылып, сотқа дейін-ақ күшін жоюы мүмкін.
Қысқасы, кредит енді кез келген уақытта, кез келген жағдайда беріле салмайды.