6 наурызда Астана тұрғындарының телефонына «Президенттік құлақтандыру» және «Ұлттық құлақтандыру» деген белгілермен жаппай хабарлама келді, — деп хабарлайды ozgeris.info сайты Massaget.kz -ке сілтеп.
«Ұлттық құлақтандыру. Уайымдамаңыз. Ескерту жүйесінің жұмысын тексеру», — деп жазылған хабарлама мәтінінде.
ТЖМ баспасөз қызметі өкілі ведомство бұл жүйені техникалық тексеруге бастамашы болмағанын мәлімдеді.
«Төтенше жағдайлар министрлігінің MasAlert жүйесін тексеру бойынша жүргізіліп жатқан техникалық жұмыстарға қатысы жоқ. ТЖМ MasAlert платформасын бақыламайды, басқармайды, оған техникалық қызмет көрсету, баптау немесе тестілеу үшін жауап бермейді», — деп жауап берді министрлік өкілдері.
Сондай-ақ, ТЖМ қазақстандықтарды сабырлы болуға және дүрбелеңге бой алдырмауға шақырды.
«Төтенше жағдай кезінде шұғыл хабарламалар ТЖМ ресми арналары және ұялы байланыс арқылы беріледі», — деп толықтырды ведомство өкілдері.
ПІКІР ЖАЗУ
Пікірлерді көру