Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы, блогер Дина Төреәлі отбасында орын алған қуанышты жаңалықты бөлісті, деп хабарлайды ozgeris.info.
Дина екінші сәбиін күтіп жүргенін ұлы Ерманбидің бір жасқа толған туған күнінде жария етті. Бұл қуанышты сәтті ерекше атап өту үшін ол отбасылық фотосессия жасап, суреттерді әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Фотолардың бірінде Динаның аяғы ауыр екені анық байқалады. Жұлдызды ана әсерлі жазба қалдырып, қуанышын бөліскен жандарға игі тілек айтты:
«Ерманби 1 жас. Алланың бергеніне, осы күнге жеткізіп көруді нәсіп еткеніне сансыз шүкірлер мен мадақтар! Бүгін оригинал Ерманби баламыз 1 жасқа толып жатыр. Саған деген махаббатым барлық тілегім менің аналық жүрегімде, менің дұғаларымда құлыным. Қуанышпен бөліссе көбейеді демекші, бізге шын тілектес, ниеттес жандар сіздерге де жұғысты болсын! Суретті соңына дейін көріп шыққан болсаңыз жәй ғана МашаАлла деп кетіңіз»
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ақпарат nur.kz сайтынан алынған.
ПІКІР ЖАЗУ