✅ Пайдалы

Толық емес отбасылар қандай жеңілдікпен үй ала алады?

Жетімін құлатпаған, жесірін жылатпаған қазақ қашанда көмекке құмар. Мемлекеттік саясатта жоқтың жанарын жасқа шылатпай, жағдайын жасауға бағытталған. Әсіресе толық емес отбасыларға баспана алу үшін мүмкіндік көп. Пәтер алу үшін нені білу керек? Ozgeris.info  тілшілері маңызды ақпараттарды топтастырды. Қандай отбасылар толық емес болып саналады?
  • ерлі-зайыпты ажырасып баланы не әкесі, не анасы тәрбиелесе;
  • күйеуі немесе әйелі қайтыс болып баланы бір ғана адам тәрбиелесе;
  • заңды некеде тұрмай бала босанса, толық емес отбасы деп есептеледі.
Толық емес отбасына мемлекеттен үй беріле ме? Иә. "Толық емес отбасы" санаты бойынша баспана кезегіне тұруға болады. Тұрғын үй кезегіне тұру үшін не маңызды?
  • Қазақстан азаматы болу;
  • Өтініш беруші мен отбасы мүшелері үш жыл тұрақты тіркеуде тұрып, соңғы бес жылда атында үй болмауы керек.
  • Не болмаса:
    • баспана бекітілген санитарлық нормаларға сай емес,
    • жапсарлас, оқшауланбаған бөлмелерде екі не одан көп отбасы тұратын,
    • отбасы құрамында созылмалы аурудың ауыр түріне шалдыққан кісі болып, онымен бір пәтерде тұру мүмкін болмау керек;
Қандай үйді тегін алуға болады? Әлеуметтік осал топтағы толық емес отбасыларға әкімдік мерзімін ұзарту құқығымен үш жылға пәтер жалға береді. Ол қатысушының отбасы мүшелеріне мұрагерлік жолмен өтеді. Алайда мұндай мүлікті сатуға, кепілге қоюға, айырбастауға болмайды. Коммуналды төлемдерді қоспағанда, айына шамамен 10-15 мың теңге төлеу керек. Кемшілігі — кезекте 10 жыл тұруыңыз мүмкін. Қандай үй сатып алуға болады? Баспана кезегінде тұрған қоғамның әлеуметтік осал топтары үшін арнайы «5-10-20» (бұрынғы «Шаңырақ») бағдарламасы іске қосылған.
  • 5 % — банктің сыйақы мөлшерлемесі;
  • 10 % — бастапқы жарна;
  • 20 жыл — несие мерзімі.
Бұл бағдарлама бойынша Отбасы банк несие рәсімдейді. Биыл табыс көлемі мен қарыздың ең көп сомасына қатысты шектеулер күшін жойды. Өтінімді otbasybank.kz сайты арқылы береді. Үміткер өзінің қаласынан құрылысы аяқталып, қолданысқа берілген кез келген үйді таңдай алады. Қатысушылар құрылыс барысын өздері бақылап отыруы тиіс. Тек алғашқы жарна үшін 5 пайыз мөлшерін жинау керек.
Барлық жаңалық