Жаңалықтар

Тоқаев Берік Уәлиге маңызды тапсырма берді

Қазақстан Президенті «Хабар» Агенттігі АҚ басқарма төрағасы Берік Уәлиді қабылдады деп хабарлады Ozgeris.info порталы Ақордаға сілтеме жасап. Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Хабар» Агенттігі» АҚ құрамындағы телеарналардың жұмысы туралы баяндалды. Берік Уәли Мемлекет басшысына алдағы кезеңде іске қосуға жоспарланған жобалар мен ақпараттық, қоғамдық-саяси, танымдық бағыттағы контенттер жасау жөнінде айтты. Сонымен қатар Президентке Агенттікті техникалық жағынан жаңғырту жоспары туралы мәлімет берілді. Әңгімелесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруда Агенттіктің маңызды рөл атқаратынын атап өтіп, «Хабар» телеарналар тобының жұмысын заман талабына сәйкестендіруді тапсырды.

Ozgeris.info порталы

Барлық жаңалық