Тағы бір медаль: Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына шықты

Фото: olympic.kz

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының финалына өтті, деп хабарлайды Ozgeris.info.

77 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқан Демеу Жадыраев жартылай финалда Әзербайжан өкілі Санан Амрах оглы Сулеймановпен белдесті. Бұл кездесуде қазақстандық балуан 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев – әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионатының күміс және қола медаль иегері. Ал Ақжол Махмудов – Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, екі дүркін әлем чемпионы. Демеу Жадыраев 1/8 финалда Колумбия спортшысы Джейр Куеромен күресіп, мерзімінен бұрын 8:0 есебімен жеңіп, ширек финалда Қырғызстан өкілі Ақжол Махмудовты  3: 1 есебімен жеңген болатын.