✅ Пайдалы

Тағамдар үйлесімі. Қазақстандық нутрициолог ең пайдалы өнімдерді атады

Адам күнде киінбеуі мүмкін. Бірақ тамақ ішу табиғи қажеттілік. Біз күнде қайталанған тамақтарды тұтынудан шаршаймыз. Ақыр соңында фаст-фуд тамақтарына аңсарымыз ауып кетеді. Алайда күнделікті пайдалы тағамдар жеуге болады. Тіпті ұзақ уақыт тоқ жүресіз. Қазақстандық нутрициолог Нұргүл Байшина ең пайдалы, әрі үйлесімді тағамдарды атады, - деп хабарлайды ozgeris.info.
  1. Таңқурай мен қара шоколадты қосып жесеңіз – онда таңқурайдың құрамындағы антоциандар шоколадтағы фабанолдармен бірігіп күшті антиоксидантты тіскебасар жасауға болады;
  2. Егер қарбызды фета ірімшігімен бірге жесең - қарбыздағы калий фетадағы тұзбен қосылып электролиттік тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі;
  3. Егер сіз қызанақты авокадомен бірге жесең – авокадодағы моно қанықпаған майлар қызанақтағы майда еритін антиоксидант ликопиннің сіңуін жақсартады;
  4. Егер сен грек йогуртына бал қоссаң – балдағы пребиотиктар мен йогурттағы пробиотиктер ішек микрофлорасын күшейтуге көмектеседі;
  5. Егер бұршақ дақылдарын күрішпен бірге жесең – бұршақтағы талшық пен ақуыз күріштің қорытылуын баяулатып, бұл комбинация қанықтандыру гармондарын ынталандырады. Нәтижесінде ұзақ уақыт өзіңді тоқ сезінесің.
  6. Егер брокколи мен сарымсақты қосып пісірсең – сарымсақтағы пребиотик талшығы инулин брокколидегі калцийдің сіңуіне ықпал етеді.
Ал сіз бұрын мұндай пайдалы тағамдардың үйлесімін білдіңіз бе?  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Нутрициолог | Abu Dhabi 📍| Nutritionist 🥑 (@nurgul.nutrition)

Барлық жаңалық