«Ауыл тұрғындарының барлығы мал ұстайды. Сол кездегі ауыл билері бас болып, ішімдіксіз ауыл болу бастамасын қолға алған болатын. Сол жылдан бастап осы уақытқа дейін ауылда бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ», – дейді ауыл әкімі Мейрамбек Қыдырқожаұлы.Ауылда тек 3 дүкен бар. Сол үшеуі де ішімдік сатпайды екен. Қызығы, соңғы 2 жылда ажырасу азайып, отбасылық кикілжің басылып келеді екен.
Ozgeris.info порталы