Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттің күрделі мәселелерінің бірі болып табылады. Алайда, мемлекет қоғамның бұл дертімен қаншалықты күрескенімен, толықтай жоя алмай келеді.
Мемлекеттің әр азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, өзгелердің азаматтық құқықтары мен абыройын құрметтеуге міндетті болғанымен, оның сақталуына қаншалықты ат салысып жүр?
Әрине, мемлекеттік билік тарапынан, көптеген мемлекеттер сияқты бұл дерттің алдын алу және болдырмау бағытында бірқатар шаралар қабылданып, жұмыстар атқарылуда.
Оның ен басты құжаты — «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді.
Одан бұрын, сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттыру керек деп ойлаймын.
Себебі, көп жағдайда сыбайлас жемқорлық қылмысын адамдардың қарапайым заңды білмегендіктен, құқықтық сауатының болмауынан туындайды. Егер әр адам парақорлық пен қылмыс жасағаны үшін күтілетін жаза салмағын білсе, мүмкін қылмысқа баруға тартынып, бармас па еді?
Әлеуметтік желі парақшаларында жемқорлықпен ұсталғандармен қатар, оның жойылуы үшін бірқатар ауқымды іс-әрекеттер мен шаралардың ұйымдастырылып жатқанын көріп жатырмыз. Қай ақпараттың пайдасы көбірек деп ойлайсыздар?
Мысалға, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтёрлік-мобильді топ жұмысы басталған болатын. Мемлекеттік қызметкерлер мен заңгерлер халыққа тегін заңды көмек көрсете отырып, заңдылықтар туралы ақпараттық жұмыс жүргізді. Әсіресе, ауыл жастарының құқықтық сауатын арттыруға көңіл бөлді. Мұның бәрі халыққа деген бетбұрыс болды.
Осындай, іс-шараларға халық немқұрайлы қарап өтпей, белсенділік танытса, бірқатар мәселенің беті ашылып, себеп салдары ашылар ма еді?
Сондықтан, әрбір азамат сыбайлас жемқорлықпен күресуді өзінен бастауы тиіс. Әр азамат өзінің тұрып жатқан ауылының, қаласының, ауласының, оқу орнының, жұмыс орнының жай-күйінің жайлы болуы үшін жемқорлықпен күресуге міндетті.
Аубакир Анель,
Алматы облысы
фото: kz.oqu.news
ПІКІР ЖАЗУ