Светлана Назарбаеваның ақтық сапарынан эксклюзив кадрлар пайда болды

Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы Светлана Назарбаеваның ақтық сапарынан эксклюзив кадрлар пайда болды, — деп хабарлайды Dalanews.kz.

Суреттер «БАСЕ» YouTube-арнасында пайда болды. Кадрларда Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіш те байқалады.

Дереккөз мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев немере інілерінен толығымен теріс айналып, олардың анасының жерлеуіне де келмеген.

Ас Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткен.

Асқа Назарбаевтың қыздары да қатыспаған. Алайда кейбір деректер бойынша Дариға Назарбаева марқұмның жерлеу рәсіміне қатысқан болуы мүмкін.

Мейрамханада өткен асқа Назарбаевтың әпкесі Әнипа Назабаева ғана қатысқан.

Кадрда: Қайрат Сатыбалды

Айта кетейік, Светлана Назарбаева — Нұрсұлтан Назарбаевтың марқұм інісі Сатыбалды Назарбаевтың әйелі болған. Сатыбалды Назарбаев 34 жасында жол апатынан қаза тапқан.

Еске салайық, Светлана Назарбаева 22 қазанда 77 жасында өмірден өтті. Ол филолог, педагогика ғылымдарының кандидаты,»Дәуір» полиграфиялық баспа кешенінің бас директоры болды.

Ашық дереккөз мәліметтеріне сүйенсек, Светлана Назарбаева жылжымайтын мүлікті жалға берумен айналысатын «Интердизайн-АС» астаналық компаниясының да иесі болған.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Много лет диабета закончились за 2 дня! Теперь сахар в норме...