Сөз бере алмаймын! Неге әкім Досаев Алматыдағы ауаның сапасын тез жақсартуға уәде бермейді

фото: Власть.кз

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы ауа сапасы күзге дейін жақсарады деп уәде беруден бас тартты. Оның айтуынша, экологиялық мәселелер жылдар бойы жиналып келген.

Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде Bes.media тілшісі әкімнен жақын арада өзгерістер күтуге бола ма деп сұрады.

«Күзге дейін алматылықтар ауа сапасының жақсарғанын сезіне ала ма? Сіз сөз бере аласыз ба?» – деп сұрады журналист Зара Райымбек.

Әкім міндетін атқаратынын, бірақ сөз бере алмайтынын айтты.

«Өкінішке қарай, сөз бере алмаймын. Міндетімді атқарамын. Бірақ бұл проблемалар жылдар бойы жиналып келген,» – деп жауап берді Досаев.

Әкімдік қандай шараларды жоспарлап отыр?

  • ЖЭО-2 жаңғыртудың алғашқы кезеңін аяқтау: газға көшіру зиянды шығарындыларды азайтады.
  • Көлік жүйесін дамыту: BRT жобасын іске қосу, электробустар сатып алу – 2026 жылға қарай қоғамдық көлік экологиялық таза болуы тиіс.
  • ҮАААЖ-ның (БАКАД) радиалды жолдарын салу, бұл қала солтүстігіндегі көлік жүктемесін азайтады.

Қаңтар айында Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев Премьер-Министр Олжас Бектеновке Алматыны экологиялық дағдарыстан шығару үшін ведомствоаралық жоспар әзірлеу қажеттігі туралы сауал жолдады. Оның ұсыныстарының бірі – мемлекеттік қызметкерлерді электромобильдерге көшіру.