Шымкентте емхананың бас бухгалтері 29 млн теңгеден астам қаржы бөлді

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында дене шынықтыру және спорт басқармасы емханасының бас бухгалтеріне қатысты қылмыстық іс қаралды. Ол 29 млн теңге иемденіп, 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол қызмет бабын пайдаланып, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп алған деп айыпталды.

 

Сот бухгалтердің бір жыл ішінде қызметкерлердің шотына жалақыдан тыс қаражат есептегенін анықтады. Одан кейін ол артық есептелген қаражатты өзінің танысының банк картасына қайтаруды өтінді.

 

«Сотталушы ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 7,5 жылға бас бостандығынан айырылып, өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды», — деп хабарлайды ҚР Жоғарғы соты.

 


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом