Шығыс Қазақстан облысында әскери қызметші қаза тапты, — деп хабарлайды ozgeris.info.
Алдын ала мәлімет бойынша, әскери қызметшінің өз-өзіне қол салғаны белгілі.
«Ағымдағы жылғы 7 қарашада Шекара қызметі Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша өлім себебі – суицид», — деп мәлімдеді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі.
Полиция органдары Қылмыстық кодекстің 105-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
ПІКІР ЖАЗУ