Шавкат Рахмонов UFC-де чемпиондық жекпе-жекке шықпайтын болды

Фото: видеодан скрин

АҚШ-тың бұрынғы UFC спортшысы Чейл Соннен жеңіліп көрмеген қазақстандық Шавкат Рахмоновтың (18-0) жартылай орта салмақта чемпион атағы үшін жекпе-жекке шығуына қарсы болды. Бұл туралы Ozgeris.info тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл дивизиондағы UFC чемпионы белбеуіне америкалық Билал Мұхаммед (24-3) ие. Сонненнің айтуынша, титулдық мүмкіндік нигериялық Камара Осман (20-4) алуы керек.

«Камару Белалмен төбелесуі керек. Османды жеңе алатын бір ғана жігіт бар — ол Рахмонов. Бұл жерде UFC шешімі өте маңызды. Егер Рахмонов Камараны жеңе алса, онда Осман ешқашан титулдық мүмкіндікке ие болмауы мүмкін.

Рахмонов өзін тағы біраз көрсетуі керек. Себебі UFC қандай фан-базаға ие болса да, Мұхаммед пен Рахмонов арасындағы баспасөз мәслихатына дайын емес. Ал Камара Осман бұл істі жылжытуы мүмкін», — деді Соннен өзінің YouTube арнасында.