Жаңалықтар

Қазақстандық әшекейлер Канн қызыл кілемінде жарқырады

Францияның Ривьера жағалауында өтіп жатқан 78-ші Канн кинофестивалінде жұлдыздар мен қонақтардың ерекше стильдерімен қатар, қазақстандық шеберлердің қолынан шыққан әшекейлер де көзге түсті, деп хабарлайды ozgeris.info сайты Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп. Saltanat Diamond Gallery зергерлік бренді дайындаған бұйымдар бірқатар танымал актрисалар мен әсер етушілердің образын толықтырды. Атап айтқанда, «Тед Лассо» және «Мұрагершілік» сериалдарымен танылған британ актрисасы Ханна Уоддингем «Миссия: Мүмкін емес – Ақырғы қайтарым» фильмінің тұсаукесерінде сырға, сақина, білезік және кулоннан тұратын әшекей жиынтығын тағып шықты. Бұл образ Vanity Fair Italia секілді сән басылымдарының назарынан тыс қалмады. [caption id="" align="aligncenter" width="576"] фото: instagram/saltanatdiamondgallery[/caption] Осыған дейін өткен фотосессия кезінде де Уоддингем аталған брендтің бұйымдарын гүлді көйлекпен үйлестіріп киген еді. Фестивальде Қазақстанда жасалған зергерлік бұйымдарды таңдаған тағы бір тұлға – кәсіпкер әрі әсер етуші Фархана Боди. Ол Зухра ательесінің киімімен үйлестірілген Saltanat Diamond Gallery әшекейлерімен қызыл кілемде көзге түсті. Кейінірек бұл жиынтықты Vanity Fair-дің ресми қабылдауында тағып шықты. Оның бұл образы сән журналдарында талқыланып, Harper's Bazaar Kazakhstan 2025 жылғы Канн фестиваліндегі ең есте қаларлық стильдердің бірі деп атады. Қазақстандық зергерлік бұйымдар тек Канн фестивалінде ғана емес, «Белоснежка» фильмінің халықаралық жарнамалық туры аясында да көрсетілді. Испаниядағы іс-шарада актриса Рэйчел Зеглер Saltanat Diamond Gallery сақиналарымен және Эли Сааб көйлегімен сахнаға шықты. [caption id="" align="aligncenter" width="579"] фото: instagram/saltanatdiamondgallery[/caption] Оған дейін бұл зергерлік үйдің туындылары Париждегі жоғары сән апталығы кезінде өткен Мюриэль Пиазер ұйымдастырған Precious Room кәсіби көрмесінде таныстырылған еді. Жиынға әлемдік сән саласының көшбасшылары мен жаңа зергерлік брендтер жиналды. Сол көрмеде қазақстандық әшекейлер Голливудтың кәсіби стилисті Сара Слудскийдің назарына ілікті. Айта кетейік, Saltanat Diamond Gallery – Қазақстанда және шетелде жұмыс істейтін зергерлік компания. Оның туындылары қазақтың дәстүрлі рәміздері мен ою-өрнектері негізінде жасалады. «Ұлытау», «Дала қызы», «Махаббат» сияқты топтамалар ұлттық мұра мен ұрпақтар сабақтастығын насихаттайды. [caption id="" align="aligncenter" width="500"] фото: instagram/saltanatdiamondgallery[/caption] Зергерлік үйдің айтуынша, әр бұйым терең зерттеуді қажет етеді: шеберлер көне өрнектер мен оюларды зерделеп, архив пен кітапханаларға жүгінеді, қолөнер саласының білгірлерімен кеңесе отырып, ұмыт қалған пішіндер мен белгілерді қайта жаңғыртады.
Барлық жаңалық