Жаңалықтар

Қазақстанда картоп неге қымбат?: Ауыл шаруашылығы министрлігі түсіндірді

Үкімет брифингінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтан неге ерте шыққан қазақстандық жас картоп апельсиннен де қымбат екені сұралды, деп хабарлайды ozgeris.info сайты nur.kz порталына сілтеп. Оның айтуынша, бағаның жоғары болуы – өсіру технологиясымен байланысты. Ерте пісетін картоп пленка астында өсіріледі, бұл өз кезегінде қосымша шығынды талап етеді.
«Көктем мен жаздың басында импорттық картоп келетін маусымаралық уақытта сұраныс жоғары болады, сол себепті баға да өседі», – деді ол.
Азат Сұлтановтың сөзінше, 400 теңгеге дейінгі картоп – «әлеуметтік» картоп болып саналады, ал жас картоп премиум санаттағы өнім болғандықтан, оған бағаны реттеу шаралары қолданылмайды. Вице-министр мемлекет үшін басты міндет – халықты қолжетімді картоппен қамтамасыз ету екенін, бірақ бұл талап премиум санаттағы өнімге қатысты емес екенін атап өтті.
Барлық жаңалықтар