Oyan, Qazaqstan қозғалысы Алматыда екі белсендісінің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды КазТАГ тілшісі.
«Полиция Oyan, Qazaqstan белсенділері Жанель Шахан мен Ақмарал Жақыбаеваны ұстады. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, оларды Қарасай батыр көшесі, 109 мекенжайында орналасқан Алмалы аудандық полиция басқармасына алып кеткен», – делінген қозғалыс хабарламасында сенбі күні.