Оңтүстік Кореяда төрт қазақстандық қаза тапты

Оңтүстік Кореяда жол-көлік оқиғасы орын алып, оның салдарынан Қазақстан азаматтары болуы мүмкін төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Korea JoongAng Daily-ге сілтеме жасап.

Жол апаты Кёнгидо провинциясында болған.

Бейсенбіге қараған түні Сохэан автомагистралінде ішінде төрт Қазақстан азаматы болған көлік жардан құлап, оның ішіндегі барлық жолаушы қаза тапты, – делінген хабарламада.

Mercedes-Benz маркалы автокөлік Хвасон қаласында жолдың оң жақ қоршауына соғылған. Соққыдан кейін көлік жардан құлап, өртеніп кеткен.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, өртті жарты сағат ішінде сөндірген.

Көліктің ішінен төрт ер адамның денесі табылды. Олардың кім екені әлі анықталған жоқ. Жол апатының нақты себептерін полиция тексеріп жатыр.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный "убийца" диабета: сахар не поднимается выше 4,6 ммоль/л