«Ол масқара ғой»: Аймағамбетов аурухана мен дүкендерде тұратын лотоматтар жайлы мәселе қозғады

Мәжіліс отырысының кулуарында депутат Асхат Аймағамбетов Мәжіліске ұсынылатын жаңа заң жобалары жайлы айтты.

«Букмекерлік кеңселер мәселесі мен лотоматтар бар. Бізде қазір кейбір ауруханалардың өзінде лотоматтар тұрады. Енді ол масқара ғой. Қазір дүкендерде де тұрады. Ол лотомат деп аталуымен құмар ойынға балаларды кішкентай кезінен тәрбиелейтін құрал деп айтуға болады. Сондықтан олардың барлығын шешу бойынша заң жобасы бар», — деді ол.

Аймағамбетов жазғы лагерлердің жұмысын реттеу керегін айтты.

«Ол хабарлама бола ма, лицензия бола ма талапты күшейтуіміз керек. Балалармен жұмыс істейтін әртүрлі орталықтар бар. Олардың да жұмысын хабарлама бойынша, талаптарды нығайту бойынша заң жобалары бар. Бұдан басқа балалардың құқығын қорғайтын нормалар қарастырылып отыр. Осы бағытта жұмыс істейміз», — деді Асхат Аймағамбетов.


Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
97-летний кардиолог: Если давление выше 130\90, выпейте 2 ложки…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!