Белгілі продюсер Алуа Қонарова балаларымен бірге әйелін үйден қуып шыққан Марат Әйтеновтің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ozgeris.info.
«Намыс болу керек қой. Еркек басқаға кетіп қалды. Табалдырыққа жатып алып айқай шығарудың не қажеті бар? Үндемей, жаңа үйге кетіп, жұмыс істеп, балаларыңның және өзіңнің эмоционалды саулығын сақтаған дұрыс емес пе? Бұл әрекеті арқылы өзін төмендетіп отыр. Мен бұл іске араласқым келмеді. Себебі қазір өзімнің де проблемам жетеді, оған қоса жұмысым бар. Алайда құрбым мен оның балалары үшін өз пікірімді білдірейін дедім. Өйткені әлеуметтік желіде бәрі оның балаларының әкесін айыптап жатыр. Сондай-ақ бұл тақырыпты зерттей келе көп нәрсе түсінікті болды. Жасырын фактілер бар. Менің Әйтеновте шаруам жоқ. Мен екі отбасыдағы балалар үшін алаңдаймын.
Дананың балалар арқылы қорғануы дұрыс емес. Балаларға үй тұрғанда айқай шығармай, балалардың жүйкесін тоздырмай, көшіп кетуге болатын еді. Мен Әйтеновті жеке танымаймын, бірақ ол балаларын жақсы көретінін білемін», – деді Алуа Қонарова.
ПІКІР ЖАЗУ