Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларын туған сәттен бастап тұрғылықты жері бойынша міндетті тіркеуге міндеттеуді ұсынды. Қазір бұл бастама қоғамдық талқылауда деп хабарлайды ozgeris.info сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 2020 жылдан бері 14 жасқа дейінгі балаларға қатысты мекенжай деректері статистикада жоқ. Бұл демографиялық жағдайды нақты бағалауға кедергі келтіреді.
Жаңа тәртіп бойынша, бала туу туралы куәлік секілді құжатпен тіркеледі. Жас шегі 16-ға дейін ұзартылуы мүмкін.
Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлеріне жеке куәлік пен төлқұжат беру құқығы беріледі. Бұл пилоттық жобада сәтті сыналған.
Министрлік бұл өзгерістер азаматтарға мемлекеттік қызметтерді жеңілдетуге бағытталғанын атап өтті.